«Эссе жазудың тиімді әдістері» тақырыбында аудандық вебинар өткізілді
20-05-2021, 16:33
19.05.2021ж. сағат 16.00-де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша және 9, 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау, (эссе) жазу және бағалау туралы әдістемелік ұсынымдар бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Эссе жазудың тиімді әдістері» тақырыбында аудандық вебинар өткізілді.
Вебинар басында білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының аға әдіскері Нұргүл Ағдарбекқызы биылғы оқу жылындағы қорытынды аттестаттау бойынша өзгерістер мен жеңілдіктерге (слайд) жеке-жеке тоқталды. Сонымен қатар аудан бойынша 25 түлегіміздің «Алтын белгі» үміткерлері екенін, үміткерлердің қорытынды аттестаттауға даярлығының талапқа сай болу керектігіне баса назар аударды.
Вебинарда барысында Пушкин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Нұрқабланова және К.Тоқаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ә.Досбаева «9,11-сыныптарды қорытынды аттестаттауға дайындау барысында қазақ тілі пәні бойынша эссе жазу дағдылары және оған қойылатын талаптар» бойынша таныстырылым жасады. Гүлбақыт Іңкәшқызы 9-сынып бойынша эссе жазу талаптарына, ерекшелігіне тоқталды. Әдемі Ахметқызы биылғы түлектерге келетін эссенің жалпы тақырыптарын атай отырып, 11-сыныпта жазылатын эссе ерекшеліктеріне мысал келтіре отырып іс-тәжірибе бөлісті.
Вебинар соңында пән мұғалімдерінің көкейінде жүрген бірнеше сұрақтарға жауап беріліп, алдағы оқушыларымыз тапсыратын сынақтарға сәттілік тіледік.
Похожие новости:
Шет тілі пәнінен облыстық кітап оқу марафонының жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!
Жаңалықтар / Әдістемелік орталықОқушы жетістігін бағалауда оқу үшін және оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы
Жаңалықтар / Әдістемелік орталық"Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын іс-шаралар"
Жаңалықтар / Әдістемелік орталықҚаратал ауданы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының
Әлеумет және тәрбие жұмыстары«Сабақ- мұғалімнің шағын шығармалық көрінісі»
Жаңалықтар / Әдістемелік кабинет