Оқушы жетістігін бағалауда оқу үшін және оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы
6-05-2021, 18:20
2021 жылдың 06-мамыр күні білім саласындағы олқылықтарды жою жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес математика пәні мұғалімдеріне «Оқушы жетістігін бағалауда оқу үшін және оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы» тақырыбында Зум/Zoom платформасында аудандық әдістемелік алаң өткізілді.
Мақсаты: Білім сапасын арттыруда қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудың білім беру үрдісіндегі тиімді жолдарымен бөлісуде пән мұғалімдеріне әдістемелік тұрғыда кәсіби қолдау, көмек көрсету. Әдістемелік алаңға барлығы 35 педагог тіркеліп, қатысты. Аудан педагогтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдіскер А.Қалиева «Оқушы жетістігін бағалауда оқу үшін және оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы» тақырыбында таныстырылым жасай отырып, пән мұғалімдеріне әдістемелік тұрғыдан бағыт-бағдар берді.
Вебинар аясында Абай атындағы ОМ математика пәні мұғалімі-Р.Өсербай, Құлжабай батыр атындағы НМ математика пәні мұғалімі-С.Самалқан өз тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар соңында аудан педагогтары тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, пән мұғалімдеріне әріптестері тарапынан крі байланыс пен ұсыныстар берілді. Оқытуды ұйымдастыру бойынша кездесіп жатқан мәселелер талқыланды.
Похожие новости:
Аудандық жас мамандар "Педагогикалық дебют-2021" байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Жаңалықтар / Әдістемелік орталықТӘЖІРИБЕЛІК АЛАҢ
Жаңалықтар / Әлеумет және тәрбие жұмыстарыҚаратал ауданы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының
Әлеумет және тәрбие жұмыстары«Сабақ- мұғалімнің шағын шығармалық көрінісі»
Жаңалықтар / Әдістемелік кабинет«Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізудегі критериалды бағалаудың маңыздылығы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Жаңалықтар