Қаратал ауданы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының » Қаратал ауданының білім бөлімі
Русский   Қазақша
Регистрация
» » » Қаратал ауданы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының

Қаратал ауданы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының

8-10-2020, 10:06
Қаратал ауданы білім беруді дамыту  оқу-әдістемелік орталығының фейсбук парақшасында:
Қаратал ауданы білім беруді дамыту  оқу-әдістемелік орталығының фейсбук парақшасында І тоқсан бойынша  мектеп әкімшілігімен «Қашықтықтан оқытуға байланысты нормативтік құжаттар», «Білім сапасын арттыруда және мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттырудағы жетекші мектептер жұмысы», «Қашықтықтан оқыту жағдайында қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру жолдары», «Қашықтықтан оқыту жағдайында бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық  бағалауды ұйымдастыру, өткізу ерекшеліктері» тақырыптарында әдістемелік қолдау, көмек мақсатында 4 вебинар, пән мұғалімдерімен 43 вебинар мен тәжірибе бөлісу алаңдары туралы мәліметтер мен фотолары салынды.
Алматы облысының білім басқармасы, Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы, «Жетісу дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы тарапынан болған онлайн байқауларға қатысып, жүлделі орын алған жеңімпаз мұғалімдер мен оқушылар нәтижелері мен фотолары, дипломдары жүктелді (барлығы 67).
Аудандағы кезекші сыныптар туралы 2, мұғалімдер күніне арналған  пән мұғалімдерінің құттықтау бейнебаяндары 4, «Мамандығым - менің мақтанышым» тақырыбында 6 челлендж жүктелді.
Қаратал ауданы білім беруді дамыту  оқу-әдістемелік орталығының ютуб каналына:  
Қаратал ауданы білім беруді дамыту  оқу-әдістемелік орталығының ютуб каналында  пән мұғалімдерінің іс-тәжірибе тарату мақсатында талапқа сай түсірілген бейнесабақтары, психолог-мамандардың ата-аналар, оқушылар және мұғалімдерге арналған  кеңестері мен тренингтері, мектепке дейінгі тәрбие бойынша іс-шаралар, сабақтар, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің таңғы жаттығулары барлығы – 166 іс-шаралар жүктелген.
Пожаловаться
Автор: admin13
Прочитали - 149
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать