«Сабақ- мұғалімнің шағын шығармалық көрінісі» » Қаратал ауданының білім бөлімі
Русский   Қазақша
Регистрация
» » «Сабақ- мұғалімнің шағын шығармалық көрінісі»

«Сабақ- мұғалімнің шағын шығармалық көрінісі»

4-11-2020, 09:54
Қаратал аудандық білім беруді дамыту оқу –әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 4- қарашасында жас ұстаздардың қысқа мерзімді сабақ жоспарлаудағы дағдыларын жетілдіру, кәсіби қалыптасуына ықпал ету және әдістемелік сүйемелдеу мақсатында «Сабақ- мұғалімнің шағын шығармалық көрінісі» тақырыбында химия, биология, информатика пәндерінің жас ұстаздарына арналған тәжірибелік алаң өткізілді. Тәжірибелік алаң барысында Ж.Молдағалиев атындағы ОМ информатика пәнінің мұғалімі Ж.Мырзагулова, 13 ОМ информатика пәнінің мұғалімі А. Туғанбаева, Жамбыл ОМ химия-биология пәні мұғалімі А.Әлімқұлов және С.Морозов атындағы №51 ОМГ химия пәнінің мұғалімі Э.Асқарбековалар өздерінің ҚМЖ таныстырып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Амиржанова тренинг өткізді. Анар Сағынтайқызы тренинг барысында Ричард Даранттың «Үздік сабақтың алты белгісі» мақаласындағы табысты
сабақты сипаттайтын белгілерімен таныстырды. Сонымен катар, қазіргі таңда сабақ жоспарлаудағы өзекті мәселелер, туындаған қиындықтар, оны шешу жолдарын көрсетіп, сабаққа қойылатын талаптармен таныстырды.
Вебинарға қатысқан тәжірибелі ұстаздар жас ұстаздарға іс-тәжірибелерін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдіріді.
Пожаловаться
Автор: admin
Прочитали - 185
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать