Главная > Жаңалықтар / Әдістемелік орталық > Оқушы жетістігін бағалауда оқу үшін және оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы

Оқушы жетістігін бағалауда оқу үшін және оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы


6-05-2021, 18:20. Разместил: admin
 



   2021 жылдың 06-мамыр күні білім саласындағы олқылықтарды жою жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес математика пәні мұғалімдеріне «Оқушы жетістігін бағалауда оқу үшін және оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы» тақырыбында  Зум/Zoom платформасында аудандық әдістемелік алаң өткізілді.
    Мақсаты: Білім сапасын арттыруда қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудың білім беру үрдісіндегі тиімді жолдарымен бөлісуде пән мұғалімдеріне әдістемелік тұрғыда кәсіби қолдау, көмек көрсету.     Әдістемелік алаңға барлығы 35 педагог тіркеліп, қатысты. Аудан педагогтарына әдістемелік көмек  көрсету мақсатында әдіскер А.Қалиева «Оқушы жетістігін бағалауда оқу үшін және оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы» тақырыбында таныстырылым жасай отырып, пән мұғалімдеріне әдістемелік тұрғыдан бағыт-бағдар берді.  
Вебинар аясында Абай атындағы ОМ математика пәні мұғалімі-Р.Өсербай, Құлжабай батыр атындағы НМ математика пәні мұғалімі-С.Самалқан өз тәжірибелерімен бөлісті. 
Вебинар соңында аудан педагогтары тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, пән мұғалімдеріне әріптестері тарапынан крі байланыс пен ұсыныстар берілді. Оқытуды ұйымдастыру бойынша кездесіп жатқан мәселелер талқыланды.


Вернуться назад