«Бастауыш сыныптарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында аудандық вебинар өткізілді
1-04-2021, 09:34
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекеті қазіргі мектеп бағдарламаларында маңызды рөлге ие. Мұның себебі зерттеушілік іс-әрекетті бала қабілетін ашу, үйлесімді тұлға етіп тәрбиелеу мен дамытудың мықты құралы деп тануда деп білеміз.
Бастауыш мектептегі зерттеушілік іс-әрекетінің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетін жүзеге асыру және зерттеушілік қабілеттерін дамыту арқылы интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін дамыту.2021 жылдың 30 наурыз күні Қаратал аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, «Каникулдық мектеп» жобасы аясында әдіскер Қ.Салахованың ұйымдастыруымен ауданның бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Бастауыш сыныптарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында аудандық вебинар өткізілді. М.Горький атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері іс-тәжірибесімен алмасты. А.Даутова мен А.Ахметова жобаны орындаудың түрлі кезеңінде өз бетінше әреке ету деңгейін; топтық жұмысқа қосқан жеке үлесі мен жүктелген жұмысты орындаудағы жауапкершілік деңгейін; пәндік және жалпы оқу білім, білік, дағдыларын практикада қолдануын; жобаны орындауда қолданылған жаңа ақпараттар саны мен сапасын; қолданылған ақпаратты түсіну деңгейін; қолданылған әдістеменің күрделілік деңгейі мен меңгеру дәрежесін; мәселені шешудегі идея, тәсілдердің ерекшелілігін; жоба мәселесін түсінуі мен жоба не зерттеу мақсатын құру; презентацияны ұйымдастыру мен өткізу деңгейін; өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі талдау дағдыларын игеруін; презентацияны дайындауға шығармашылық қатынасты; алынған нәтиженің қоғамдық және қолданбалы маңызын түсіндіріп ,жұмыс нәтижесіне тоқталды. Вебинар соңыда әріптес тарапынан түскен сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалды.
Похожие новости:
«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы республикалық кезеңінің жеңімпазы мен белсенді қатысушысын құттықтаймыз!!!
Жаңалықтар / Әдістемелік орталық / Әдістемелік кабинет"Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын іс-шаралар"
Жаңалықтар / Әдістемелік орталықҚаратал ауданы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының
Әлеумет және тәрбие жұмыстары«Сабақ- мұғалімнің шағын шығармалық көрінісі»
Жаңалықтар / Әдістемелік кабинет«Нұр Отан» партиясы Жуалы аудандық филиалында «Мектеп асханалары» партиялық жобасы өз жұмысын бастағаны мәлім. Осы аптада «Мектепте берілетін ас дәмді ғана емес, құнары мол, ағзаға пайдалы болуы керек» деген сауалға жауап іздеген сарапшы топ аудандағ
Жаңалықтар