«Үздік сынып жетекші-2021» байқауы
26-04-2021, 17:47
2021 жылдың 20-21 сәуір күндері онлайн-форматта кәсіби деңгейі жоғары, сыныптың тәрбиелік тәжірибесін басқару субъектісі ретінде сынып жетекшілерінің шығармашылық тәжірибесін айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық тәжірибесін анықтау, тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларын анықтау, қолдау көрсету және кәсіби дамуын, жаңашыл тәсілін жинақтап, тарату мақсатында «Үздік сынып жетекші-2021» байқауы өтті.
Байқау 3 кезеңде ұйымдастырылды. Байқаудың І-кезеңінде сынып жетекшілердің портфолиосы мен сынып жетекшісінің эссе-шығармашылық жұмысы «Сынып жетекшісінің тәрбие саласында алатын орны» тақырыбындағы құжаттары сырттай зерделеу арқылы жүзеге асырылды.
ІІ-кезеңі ZOOM платформасында қатысушы сынып жетекші «Мен және менің сыныбым» презентациясын қорғаса, ІІІ-кезеңде сынып жетекшілер сыныпта өткізген сынып сағаттарының 10 минуттық бейне жазбаларын ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша А.Пушкин атындағы орта мектебінің 10-сынып жетекшісі Қайролла Жаңылған бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.І орын-Жамбыл атындағы орта мектебінің 9-сынып жетекшісі Күнәй Күлмайра, ІІ орын-Лермонтов атындағы орта мектебінің 10-сынып жетекшісі Р.Дюсембаева және Абай атындағы орта мектебінің 7 сынып жетекшісі Н.Байзакова; ІІІ орындарды-М.Горький атындағы орта мектебінің 6-сынып жетекшісі А.Жанысова, Б.Римова атындағы орта мектеп-гимназиясының 10-сынып жетекшісі О.Голодова және Жанаталап орта мектебінің 9-сынып жетекшісі Т.Анешовалар иеленді.
Облыстық кезеңге жолдама алған А.Пушкин атындағы орта мектебінің 10 сынып жетекшісі Қайролла Жаңылғанға сәттілік тілейміз!

Похожие новости:
«Бастауыш сыныптарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында аудандық вебинар өткізілді
Жаңалықтар / Әдістемелік орталық / Әдістемелік кабинетҚашықтықтан өткен облыстық оқулар қорытындысы
Жаңалықтар / Әдістемелік орталық«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы республикалық кезеңінің жеңімпазы мен белсенді қатысушысын құттықтаймыз!!!
Жаңалықтар / Әдістемелік орталық / Әдістемелік кабинет"Инновациялық қадам" жобасы бойынша үш тілді жетік меңгерген жасөспірімдерді анықтау, қолдау жəне мадақтау мақсатында өткізілген "Мəңгілікке сүйікті туған өлке" байқауы
Жаңалықтар / Әдістемелік орталық / Әдістемелік кабинетБейне сайыс үздіктері анықталды!
Жаңалықтар / Әдістемелік орталық