«Виртуалды кабинет – білім берудің тиісті сапасын қамтамасыз ету құралы» » Қаратал ауданының білім бөлімі
Русский   Қазақша
Регистрация
» » «Виртуалды кабинет – білім берудің тиісті сапасын қамтамасыз ету құралы»

«Виртуалды кабинет – білім берудің тиісті сапасын қамтамасыз ету құралы»

31-03-2021, 09:23
      30.03.2021ж. сағат 11.00-де мектеп директорлары мен оқу-тәрбие, әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына педагогтардың танымдық қызметінің нәтижесін барынша арттыруда қажетті ақпаратты кез келген уақытта алудың, үздіксіз білім берудің ашық жүйесін құрудың шынайы мүмкіндіктерін беру мақсатында «Виртуалды кабинет – білім берудің тиісті сапасын қамтамасыз ету құралы» тақырыбында аудандық тәжірибелік алаң өткізілді.  Тәжірибелік алаң барысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері Нұргүл Ағдарбекқызы виртуалды кабинет қашықтықтан (онлайн) оқытуда ғана емес дәстүрлі (офлайн) оқытуда да педагогтардың қажетті ақпаратты уақытылы алуына қолайлы екендігіне тоқталды. Тәжірибелік алаңда   К.Тоқаев атындағы ОМ директоры Л.Испанова мектепте ашылған виртуалды кабиеттің мақсат, міндеттерімен таныстыра отырып, кабинетті ашу қадамдарын көрсетсе, №13 ОМ директоры Ш.Шарипбаева информатика пәні мұғалімі М.Көпбаевпен бірге мектепте ашылған виртуалды кабинеттің бөлімдеріне жеке-жеке тоқталып, папкаларда қандай құжаттардың салынғанын және аталған мектеп мұғалімдеріне кез-келген уақытта қолжетімді екенін айтты. Сонымен қатар, №13 ОМ кітапханашысы А.Үркімбаева «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы аясында жоспар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарын баяндап, іс-тәжірибе бөлісті. Тәжірибелік алаң соңында іс-тәжірибесімен бөліскен мектеп басшыларына әріптестер тарапынан кері байланыстар беріліп, модератор  Нұргүл Ағдарбекқызы барлық мектепте виртуалды кабинет ашылу керектігін және кабинет жұмысын жандандыруға тапсырма берді.







Пожаловаться
Автор: admin
Прочитали - 197
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать