Аудандық практикалық вебинар
Бүгін, 15.03.2021ж. сағат 16.00-де мектеп директорлары мен оқу-тәрбие, әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына аудандық практикалық вебинар өткізілді. Вебинар барысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері Нұргүл Ағдарбекқызы іс-тәжірибе бөлісетін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, кітап оқуға ынталандыру мәселесінің бүгінгі күндегі өзектілігіне тоқталды. Вебинарда «Функционалдық сауаттылықты арттыру – сапалы білім кепілі» тақырыбында функционалдық сауаттылықты дамыту бағытындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мақсатындағы мектеп-гимназияда жүргізіліп жатқан жұмыстарымен С.Морозов атындағы №51 ОМГ директоры С.Жүнісова және «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы тақырыбында оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру, жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатындағы мектепте құрылған жоба жұмыстарымен Ж.Молдағалиев атындағы ОМ директоры С. Үсенова іс-тәжірибе бөлісті. Вебинар соңында іс-тәжірибесімен бөліскен мектеп басшыларына әріптестер тарапынан кері байланыстар беріліп, көктемгі демалыс уақытында жоспар бойынша ұйымдастырылатын тәжірибелік алаң тақырыптары бойынша ұсыныстар айтылды.

"Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын іс-шаралар"
Жаңалықтар / Әдістемелік орталық
ТӘЖІРИБЕЛІК АЛАҢ
Жаңалықтар / Әлеумет және тәрбие жұмыстары
Қаратал ауданы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының
Әлеумет және тәрбие жұмыстары
«Сабақ- мұғалімнің шағын шығармалық көрінісі»
Жаңалықтар / Әдістемелік кабинет
"Қашықтықтан оқыту барысында ТЖБ ұйымдастыру ерекшеліктері"
Жаңалықтар