Главная > Жаңалықтар / Әдістемелік орталық > «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!
«Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!11-06-2021, 17:04. Разместил: admin |
![]() Дарынды жастарды анықтау және қолдау жөніндегі Елбасының «Ел Үміті» бастамасы аясында ауыл мектептерінің 5-6-сынып оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының бірінші кезеңіне ауданнан 108 оқушы қатысып, қорытындысы бойынша 15 оқушы 2-кезеңге жолдама алып, Талдықорған қаласы «Ustudy» орталығында ұйымдастырылған олимпиаданың 2-кезеңіне қатысты. Нәтижесінде Оян ОМ 6-сынып оқушысы Ү.Құдайберген мен М.Горький атындағы ОМ 5-сынып оқушысы А.Батырбай «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары атанды! Білімпаз оқушыларымызды құттықтай отырып, болашақта білімдерінің арқасында бұдан да үлкен жетістіктерге жетеді деген сенім білдіреміз!!! Дарынды балаларымыздың болашағы жарқын болып, ауданымыздың атын шығаратын үлкен азаматтар болып өсуіне тілектеспіз!!! Вернуться назад |