Главная > Жаңалықтар > «Мектепке дейінгі үздік әдіскер» байқауы

«Мектепке дейінгі үздік әдіскер» байқауы


26-11-2020, 16:30. Разместил: admin
   Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңартылған білім беру мазмұны аясында  тәрбие мен оқу үрдісін  әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету және педагог қызметкерлерді қолдау, ынталандыру мақсатында  Облыстық білім беруді дамыту оқу –әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Мектепке дейінгі үздік әдіскер» сырттай байқауында Қаратал ауданының  мектепке дейінгі мекемелері арасынан   «Балбөбек»бөбекжай-балабақшасының әдіскері Сарсенбаева Гаухар Серікқызы қатысып, өзінің балабақшадағы  жаңа педагогикалық технологияларды қолдануда білім берудің тренді-STEAM білім беру жүйесінің  енгізудегі жетістігі, педагог- -тәрбиешілердің кәсіби құзреттілігін жетілдіруде   қолданып жатқан интерактивті әдіс – тәсілдері, ата-аналармен жұмыс, ұлттық құндылықты арттыру жолдарын бейне роликтер арқылы ұсынды.  Сырттай байқаудың әділ қазылар алқасының  қорытындысының шешімімен  «Балбөбек» бөбекжай- балабақшасының  әдіскері Сарсенбаева Гаухар Серікқызы Бас жүлдені иеленді.


Вернуться назад