Главная > Жаңалықтар / Әлеумет және тәрбие жұмыстары > «Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының Жалпы ережесi
«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының Жалпы ережесi26-11-2020, 12:27. Разместил: admin |
«Адал еңбектің жарқын бейнесі» байқауының Жалпы ережесi 1.1 Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында жас суретшілер байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді. 2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері. 2.1. Байқаудың мақсаты - көркем өнер саласындағы дарынды балаларды анықтау. 2.2. Байқаудың міндеті – эстетикалық тәрбие құралдары арқылы парасаттылық қағидаларын дамыту және балалардың өз қабілеттерін шыңдауға жағдай жасау. Аталған байқауға Қаратал ауданының жалпы білім беретін мектептердің оқушылары ат салысуда. Вернуться назад |