Главная > Жаңалықтар > «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының бастамасымен Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндетте
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының бастамасымен Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндетте16-05-2018, 12:26. Разместил: admin13 |
Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының бастамасымен Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және «Педагог мәртебесі» заңының жобасын дайындау бойынша «Ұстазым – ұлағатым» акциясы басталды. Акцияға байланысты құрылған облыстық жұмыс тобының мүшесі, облыстық білім басқарамасы басшысының орынбасары Жәмилә Елеуқызы Бекбатырова, партияның Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Садыққызы Ахметова Б.Момышұлы ауылындағы «Коворкинг» орталығында, Шақпақата ауылындағы өнер мектебінің мәжіліс залында және Нұрлыкент ауылындағы М.Ломоносов атындағы орта мектебінің мәжіліс залында аудандағы мектеп директорларымен, білім мекемелерінің басшыларымен, педагог ұстаздар және ата-аналармен кездесті. Жиынды партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова ашып, акцияның мақсатымен таныстырып, сөз кезегін Жәмилә Елеуқызына берді. Жәмилә Елеуқызы Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды айта келіп, елімізде Елбасының тапсырмасымен «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасының әзірленіп жатқандығы туралы айтты. -Елбасы биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономикадағы, әлеуметтік саладағы, өңірлік дамудағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналаған іс-қимылдың кешенді бағдарламасын ұсынған болатын. Жолдаудың әлеуметтік сипаты Елбасы саясатының халықтың әл-ауқатын жақсартып, азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталғанын көрсетеді. Сонымен қатар Елбасы «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірлеп, қабылдау жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл маңызды құжат мұғалім мәртебесін көтеріп, білім саласының одан ары дамуына жол ашатыны даусыз. «Ұстазым – ұлағатым» акциясы аясында 12-25 қараша аралығында арнайы құрылған екі жұмыс тобы жоспарға сәйкес елді мекендерде ұстаздармен кездесулер, қоғамдық қабылдаулар өткізіп, ұсыныстар жинақтайды. Осы уақыт аралығында әлеуметтік желілерде #Педагогмәртебесі# хэштегтерімен ұсыныстар жинақталады. Әзірленген заң жобасы «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі депутаттық фракциясына, Білім және ғылым министрлігіне жолданатын болады. Елбасы бұған дейін де білім саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Оның ішінде мұғалімдерге жағдай жасай отырып, білімімен, мәдениетімен бәсекеге қабілеттілігін де арттыру жауапкершілігін жүктеп отыр. Заң жобасын әзірлеуде біз біраз ұсыныстарды жасап отырмыз. Атап айтар болсақ, мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін айлық жалақысын көтеру туралы айттық. Олардың тұрмыс жағдайын көтеру мақсатында жеңілдетілген несие, кезектен тыс жер беру, тағы да басқа жеңілдіктер қарасытырылса. Елімізде зияткерлік мектептердің шәкірттері халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрінуде. Жай мектептерде қазір кей сыныптар жаңыртылған білім мазмұнымен білім алуда. Яғни, білім мазмұнымен оқып жатқан сыныптар зияткерлік мектептердің оқыту жүйесімен білім алуда. Көп мәселе кадрға байланысты. Сондықтан жұмысқа қабылданатын мұғалімдер тестілеуден өтсе. Мұғалім сабаққа күнде дайындалып келуі керек. Мұғалімнің білімі де, мәдениеті де сай болса, оның мәртебесі де жоғары болады. Сонымен бірге мұғалімдер үш жылда бір рет психиатрдан тексеруден өтуі керек. Себебі, елімізде мұғалімдер мен тәрбиешілер арсында оқушыларға күш көрсету жағдайлары кездесуде. Тағы бір мәселе мектеп аумағында мұғалімге де, ата-анаға да ішімдік ішуге немесе ішіп келуге, шылым шегуге тыйым салынса. Әрине, мұғалімдердің де мәртебесі қорғалуы керек. «Алты алаштың баласының басы қосылса, төрдегі орын - мұғалімдікі» демекші, ұстаздың орны қашанда жоғары болуы қажет. Заңда осы мәселенің де міндетті түрде болуын ұсынып жатырмыз,- деді Жәмилә Елеуқызы. Кездесуде Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұзақбай Құрманбай, білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнұр Қадырбек, А.Пушкин атындағы орта мектептің директоры Нұриддин Нұрғабылов, «Аягүл» балабақшасының меңгерушісі Гауһар Махамбетова, «Аула клубының» директоры Ақбота Қаңтарбаева және ұстаздар бірнеше ұсыныстарын жеткізді. 1. Азаматтық қызметкерлерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесіне педагог мамандарың айлық жалақасын көтеру мәселесі шешілсе; 2. Балабақша меңгерушелірінің айлық жалақысы топ санына байланысты қарастырылса; 3. Балабақша педагог қызметкерлерінің тәрбиешілерінің кезекті еңбек демалысы 42 күнтізбелік күннен 56 күнге көтерілуі туралы қарастырылса; 4. Оқушылардың жауапкершілігі мектептен тыс уақытта ата-аналарға жүктелсе; 5. Ұстаздарды психологиялық-физиологиялық тұрғыдан қарастырып, зейнетке шығу уақытын еңбек өтіліне қарай қысқартылса; 6. Мектеп мұғалімдерін сенбілікке шығуды, мектептегі мереке күндеріне кезекшілікке тұруды, іс-шараға, қорытынды есептерге мұғалімдерді қатысуға міндеттейді. Осыған шектеу қойылса. Яғни мұғалімдерді өз қызметінен басқа жұмыстарды жасауға тыйым салынса; 7. Аттестатцияны мұғалімнің белгілі бір еңбек өтіліне қарай, білім саласына сіңірген еңбегіне қарай белгіленсе. Мұғалімнің еңбегін, біліктілігін тестпен емес, белгілі бір бағалау критерийлермен, әдістемесімен өлшесе; 8. Мұғалімнің уақытын тиімді пайдалануға кедергі келтіретін күнделіктегі рейтінг мәселесі жойылса, мұғалімінң жұмысы рейтінгпен өлшенбесе; 9. Ұстаз жұмысына ер азаматтарды тарту үшін еңбек өтіліне қарай 30 жыл еңбек өтілі болса; 10. Мұғалімдерге төмен пайызбен несие қарастырылса; 11. Жылына бір рет берілетін коммуналдық жәрдемақы 1 айлық көрсеткішке теңестірілсе; 12. Себепсіз тексерістерді тоқтатып, оның орнына әдістемелік кеңес беретін орталықтардың жұмысы жандандырылса; 13. Педагогтарды олардың кәсіби қызметімен байланысты емес басқа жұмыстарға тартуға шектеу қойылса; 14. Ер азаматтарға 30 жыл, әйел азаматтарға 25 жыл еңбек өтілі бар ұстаздарды зейнетке шығарса; 15. Жас мамандардың еңбек ақысының төмендігі, мектептен көп ұстаздардың әсіресе ер азаматтардың кетуіне жол беруде сондықтан жас мамандарға осы жылы айлық жалақысына қолдау ретінде үстеме қаражат қарастырылса; 16. Білім беру мекемелері жергілікті әкімшіліктен ҚР Білім министрлігінің құзырына өткізілсе; 17. Мұғалімдердің мәртебесі мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесімен теңестірілсе; 18. Зейнетке шыққан педогогтарға коммуналдық қызметтерді төлеуде 50%-дық жеңілдік берілсе; 19. Оқу процесіне елеулі кедергісін тигізетіндіктен, сайлау учаскелерінің мектептерде орналасуына шектеу қойылса; 20. Ата-аналар оқушылардың тәрбиесіне негізгі жауапты тұлға болу керек; 21. Қоғамдық, мемлекеттік ұйымдардан зерделеу тексеру жұмыстарын азайтуды қарастыру; 22. Мұғалімдердің жүктемесін азайту; 23. Педагог кадрлармен оларға теңестірілген қызметкерлердің зейнетке шығу жасын азайту, еңбек өтіліне байланысты шығару; 24. Ардагер ұстаздарға қамқорлық көрсету үшін оларға жыл сайын сауықтыру жәрдемақысын беру; 25. 25 жыл үздіксіз жұмыс атқарған әйел мұғалімдерге 55 жастан, ерлерді 60 жастан зейнеткерлікке шығару; 26. Коммуналдық жәрдемақы мөлшерін 3 (үш) тонна көмірдің бағасымен сәйкестендіру; 27. Жүктемені азайту; 28. Біліктілікті көтеру тесттері өткізудің форматы өзгерсе. Өйткені жас мамандар тесттен өтіп, үлкен жастағы мұғалімдер шет қалып жатыр; 29. Мұғалімді қағаз бастылықтан босату; 30. Жас мамандардың ауылды жерде жұмысқа орналасқаннан кейін әскер қатарына шақырмау. 2 КҮН «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының бастамасымен Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және «Педагог мәртебесі» заңының жобасын дайындау бойынша «Ұстазым – ұлағатым» акциясы басталды. Партияның Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Садыққызы Ахметова, білім бөлімінің сарапша маманы Ұзақбай Құрманбаев Ертай ауылындағы М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінде, Жаңаталап ауылындағы Жаңаталап орта мектебінде және Б.Момышұлы ауылындағы №1 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында аудандағы мектеп директорларымен, білім мекемелерінің басшыларымен, педагог ұстаздар және ата-аналармен кездесті. Жиынды партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова ашып, акцияның мақсатымен таныстырып, сөз кезегін білім бөлімінің сарапшы маманы Ұ.Құрманбаевқа берді. Жиын барысында педагогтардың ой пікірлері тыңдалып ұсыныстары жинақталды. «Ұстазым – ұлағатым» акциясы аясында 12-25 қараша аралығында арнайы құрылған екі жұмыс тобы жоспарға сәйкес елді мекендерде ұстаздармен кездесулер, қоғамдық қабылдаулар өткізіп, ұсыныстар жинақтайды. Осы уақыт аралығында әлеуметтік желілерде #Педагогмәртебесі# хэштегтерімен ұсыныстар жинақталады. Әзірленген заң жобасы «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі депутаттық фракциясына, Білім және ғылым министрлігіне жолданатын болады. Вернуться назад |