Главная > Жаңалықтар > «Жаңартылған білім мазмұны аясында әдіс алмасу» атты семинар-практикумы өтілді.
«Жаңартылған білім мазмұны аясында әдіс алмасу» атты семинар-практикумы өтілді.3-03-2020, 10:33. Разместил: admin13 |
2020 жылдың 2-ші наурыз күні сағат 10.00 ден 14.00 аралығында № 18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектепте «Жаңартылған білім мазмұны аясында әдіс алмасу» атты семинар-практикумы өтілді. Бұл семинарға серіктес мектептерден 18 мұғалім қатысты. Семинар негізгі 3 бөлімді құрады. № 18 М.Ғабдуллин орта мектептің информатика пән мұғалімі Қиясова Гүлнұр «Charts if statement» тақырыбында 8-сынып оқушыларымен шеберлік сынып, №8 С.Байтіков атындағы орта мектебінің директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Смағамбетова Фарида « Қысқа мерзімді жоспарды дұрыс құру» тақырып аясында панорамалық сабақ, № 21 Д.Пахомов орта мектептің тарих және география пән мұғалімі Лебаева Айгүл «ТЖБ,БЖБ жұмыстарын бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру» тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында топтық түсіндірме жұмысы жүргізілді. Семинар-практикумда өтілген шеберлік сынып, панорамалық сабақ, топтық түсіндірме жұмыстар өз мақсаттарына жетті, мұғалімдер өз ара тәжірибе алмасып, өз ойларын ортаға салып, талқылады. Қорытындылай келе, семинар-практикумның соңына қарай Абайдың 175 жылдығына арналған кеш өтілді. Вернуться назад |