Қаратал ауданының білім беру ұйымдарында Наурыз мерекесіне (19 наурыз күнге) өткізілген іс-шаралары
19-03-2021, 10:03
Наурыз мейрамын салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, азаматтық қоғамдағы достық пен сенімді нығайтуды, отбасы құндылықтарын, экологиялық мәдениет пен қайырымдылықты насихаттау мерекесі ретінде 19 наурыз күні мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында жүргізу ұсынылды.
- Ұсынымға сәйкес қазақ тілін білуге арналған «Қазақшаң қалай?» байқауларын, «Бақытты бала», «Әнші балапан», «Жұлдызды балалар», «Бозторғай», «Бала дауысы» сынды форматтарда қазақ әндері мен билерін орындайтын балалар байқаулары, мәнерлеп оқу сайыстары, эссе байқауы, Қазақстанның көрікті жерлеріне онлайн экскурсиялар ұйымдастырылды.
- Отбасында және білім беру ұйымдарында Наурыз мейрамын атап өткенде «Наурыз кәдесі», «Наурыз қоржын» (Lego, пазлдар, боямақтар және басқа ұлттық нақыштағы ойыншықтар) сыйлықтарын беру дәстүрі отбасы мүшелерінің бір – біріне құрмет көрсетуі, адамдық құндылықтарды, сыйластықты дамыту мақсатында өткізілді.
- Ұлттық ертегілердің («Ертөстік», «Алпамыс», «Қобыланды», «Жезтырнақ», «Алдар көсе») кейіпкерлерін әртүрлі театрландырылған қойылымдар көріністерінен:
- «Шебер қолдар», «Бес аспап», «Алтын оймақ» негізінде кесте тігу, құрақ құрау, сурет салу, халық қолөнерін және ұлттық тағамдар дайындауды, «Дала сазы» негізінде дәстүрлі тегін үйірмелерде ұлттық шығармашылыққа – ән мен биге, домбыра тартуға, тоғызқұмалақ пен асық ойнауға үйрету ісін дамыту мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды.
- Сонымен қатар, Наурыз – тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі болғандықтан экологиялық тәрбие қалыптастыру мақсатында тазалық шаралары өткізілді.
Похожие новости:
Cынып сағаттары өткізілді
Жаңалықтар"Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмір негізі"
Жаңалықтар2019 жылдың 13 наурыз күні сағат 9.00-ден бастап мектеп директорлары азаматтарды жеке қабылдау күнін өткізеді.
ЖаңалықтарҚР ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН XIV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖҰЛДЫЗАЙ» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ.
Жаңалықтар"Отбасы тәрбиесі-ұлт болашағы"
Жаңалықтар