«№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы » Қаратал ауданының білім бөлімі
Русский   Қазақша
Регистрация
» » «№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы

«№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы

3-05-2019, 12:42


Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

«№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы

ХАБАРЛАМА

1. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі Бауыржан Момышұлы ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі №1 үйде орналасқан Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.  
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
1) жоғары (немесе  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі) педагогикалық білімі;
            2) педагогикалық  жұмыс  өтілі  кемінде  бес  жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық  жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;
            3) бірінші  немесе   жоғары   біліктілік   санатының және (немесе) «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «шебер-педагог» санатының болуы  (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);
            4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
            5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

Орта білім беру мекемесі директорының лауазымдық жалақысы

       СанатыЛауызымдық жалақысы өткерген жылдарын есептегенде
           Теңгеден Теңгеге дейін
1         А1 -3            103085 124985
Орта білім беру мекемесінің директоры ( cанаты А1-3 ) – 1 бірлік
        Функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық – техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер континентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.
    Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу – тәрбие процессі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қаіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражатын түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.       
      Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу – материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық –гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
       Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз  құзыретінің аясында жаза белгілейді.
       Жұртшылықпен, ата - аналармен ( немесе оларды алмастырушылармен ) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР  « Білім туралы», ҚР« Бала құқықтары  туралы », ҚР«Тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», ҚР «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы » заңдарын және басқада білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы–шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника кауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын;санитарлық ережелер мен нормаларды.
Конкурсқа қатысу үшін, үміткер:
            1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
            2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
            3) білім туралы құжаттың көшірмесі;
            4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
            5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
            6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
            7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі  (бар болса);
            8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
            9) соттылығының жоқ екенін туралы анықтама;
10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
            11) мектепті дамытудың перспективалық жоспарын ұсынады.
            Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немеме білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.
Көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі хабарлама жергілікті «Жаңа-өмір» газетінде ресми түрде жарияланғаннан соң 7 жұмыс күн ішінде құжаттарды сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №11 үй адрес бойынша қабылдауды жүзеге асырады. (Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондар: 2-11-70, 2-01-40, факс 2-11-70, электрондық адрес: Juali_edu@mail.ru)
Пожаловаться
Автор: admin13
Прочитали - 805
Распечатать
Похожие новости:
«№20 Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы

«№20 Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы

Лауазымдық конкурстар
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы хабарлама

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы хабарлама

Лауазымдық конкурстар
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің  «№20 Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс  жариялау туралы  ХАБАРЛАМА

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№20 Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАМА

Лауазымдық конкурстар
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің  «№20 Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс  жариялау туралы  ХАБАРЛАМА

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№20 Жамбыл атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі директор лауазымына орналасуға конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАМА

Лауазымдық конкурстар
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Жаңалықтар
Комментарии к новости0
Комментировать