DataLife Engine > Нашар для печати > Мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртібі
Басты > Жаңалықтар > Мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртібі

Мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртібі


16-09-2020, 18:43. Разместил: admin13

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі - медициналық ұйымдар) емдеу курсынан өтіп жатқан мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
      Балалардың жалпы орта білім алуын жүзеге асыру мақсатында аудандық (қалалық) білім және денсаулық сақтау бөлімдері медициналық ұйымдарда емделуде жатқан оқушыларды оқытуды ұйымдастырады.
     2. Оқу және түзету сабақтары стационарлық алдын-ала сауықтыру немесе реабилитациялық мекемелерде емдеу курсынан өтуші мүгедек балалар үшін жалпы міндетті білім мен арнайы мектеп білім беру ұйымдарының бағдарламалары көлемінде ұйымдастырылады.
     3. Керекті құрал-жабдықты базасы бар мектептер олардың денсаулығын ескере отырып, еңбекке оқытуды ұйымдастырады.

2. Емдеу ұйымдарында оқыту ұйымдастыру

      4. Медициналық ұйымдар жанындағы мектептерде оқу-тәрбиелеу жұмысын тікелей ұйымдастыру және басшылықты педагогикалық бөлім меңгерушісі жүргізеді.
     5. Сабақтар емдеуші дәрігердің бір айдан аса көрсетілген ауруханада емделуден өту керектігі жөніндегі қорытындысына сәйкес I-X (XI) сынып оқушыларымен жүргізіледі.
     6. Оқыту сабақтары баланың денсаулық жағдайына байланысты балалардың ауруханаға түскен кезінен басталады.
     7. Сабақтардың оқыту мерзімі барлығы үшін 35 минут, бірінші сыныпта - 25 минут. Ревматизммен ауыратын балалар 5 медициналық тәртіпке болады, балалармен жұмысты жоспарлауда осы тәртіптердің әр қайсысына анықталған педагогикалық бағыт сәйкестендіріледі.
     8. Оқушыларды оқыту жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасы және арнайы түзету ұйымдары бойынша жүргізіледі.
      Мүмкіндігі шектеулі балаларға педагог-логопед, педагог-дефектолог, педагог-психологтар арнайы түзету (толықтыру) көмегі көрсетіледі.
     9. Оқушылармен оқу жұмысын ұйымдастыру топтық және жеке нысанда белгіленеді. Топтық сабақтар бір сынып оқушыларының саны 4-5 болған жағдайда ұйымдастырылады. Бөлімді I-IX сынып оқушылар саны 4-15 болған жағдайда ұйымдастырылады.
      4-9 (11), 5-10 (11) сынып оқушылары екі сыныптан құрылған (4(5)-5-6, 6-7, 7-8, 8-9) топтық сабақтар ұйымдастырылады.
     10. Ауру балаларды оқытуды ұйымдастыру нысанын және сабақтың басталуын баланың денсаулық жағдайына қарай аурухана бөлімшесінің меңгерушісі емдеуші дәрігермен бірге анықтап, сырқатнамаға (N 003 у нысан) тиісті жазады.
     11. Педагогикалық ұжым оқу-тәрбие жұмысын балалардың денсаулық жағдайы туралы деректерді ескере отырып, аурухананың бас дәрігерінің келісімі бойынша кесте бойынша құралады. Күнделікті оқу жүктемесі бір оқушыға 3-3,5 оқу сағаттарынан аспауы керек.
     12. Ауруханада емделуден өтіп жатқан оқушыларды оқыту сабақтарына аптасына келесі оқыту сағаттары бөлінеді.
     13. Оқушыларды тиісті сыныпқа өткізу олардың оқитын мектебінен арналған анықтама негізінде жүзеге асырылады.

3. Емдеу ұйымдарында мектеп іс қағаздарын жүргізу

      14. Оқушылармен жүргізілген сабақтарды есепке алу үшін, оқу ісін жүргізетін оқытушылар, түскен оқушылардың тегі, аты және әкесінің аты, туған жылы, мектеп пен сынып нөмері, ауруханаға түскен мерзімі, сабақтардың басталуы және аяқталуы, өткізген сағаттар саны туралы анықтамалар жазатын сынып журналы жүргізіледі.
      Оқу материалдарының өтуі және оқушылардың білімін есепке алуды жазуды сынып журналын жүргізу талаптарына сәйкес оқытушы рәсімдейді.
     15. Оқушылар өздерінде бар оқулықтармен дайындалады.
     16. Ауруханаларда оқитын оқушылар құрамы олар әрдайым оқитын мектептердің статистикалық есебіне кіреді.
     17. Ауруханадан шыққан кезде оқушыларға оқығаны туралы әр пәннен ағымдағы және тоқсандық бағаларымен, ауруханада оқытуды ұйымдастыру жүктелген жалпы білім беретін мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарының қолы қойылған, мөрі басылған анықтама беріледі.

Вернуться назад