⚜️ Қашықтан оқыту кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды.
Кітап оқу - бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс.
📚 Кітап оқудың пайдасы:
1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін-өзі тануға көмектеседі; 2. Кітап оқу – есте сақтау қабілетін және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адамның жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады; 3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік пікір қалыптастыруға үйретеді; 4. Кітап оқу – табыс пен жетістіктің ең басты негізі; 5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады; 6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады; 7. Кітап оқу – адам бойындағы шығармашылық қабілеттер мен қиялын дамытады.
@edu_news_qz
Вернуться назад
|