Жуалы ауданы әкімдігінің білім  бөліміне қарасты коммуналдықмемлекеттік мекемелерінің қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі 2018-2019 оқу жылы бойынша өтілген жиналысының Хаттамасы » Қаратал ауданының білім бөлімі
Русский   Қазақша
Регистрация
» » » » Жуалы ауданы әкімдігінің білім  бөліміне қарасты коммуналдықмемлекеттік мекемелерінің қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі 2018-2019 оқу жылы бойынша өтілген жиналысының Хаттамасы

Жуалы ауданы әкімдігінің білім  бөліміне қарасты коммуналдықмемлекеттік мекемелерінің қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі 2018-2019 оқу жылы бойынша өтілген жиналысының Хаттамасы

29-05-2019, 17:50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 



 

  

Жуалы ауданы әкімдігінің білім  бөлімінің №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебі коммуналдықмемлекеттік мекемесінің директоры Нұржан Кәрібайұлы Құрмашевтың қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі 2018-2019 оқу жылы бойынша өтілген жиналысының Хаттамасы

№1

Қоңыртөбе  ауылы                                                         15.05.2019 жыл

 

Қатысқандар:

Мектеп директоры Құрмашев Нұржан  Кәрібайұлы

Мектеп психологы Чукенова Бахиткуль Усембаевна

Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы: Оразтаева Нұршагүл

Қамқоршылық кеңесінің  орынбасары: Арапова Айгүл

Мүшелері: 1. Совет Нұрсұлтан Саятұлы

  1. Түймебаева Айнұр Еркадыловна
  2. Примбетова Айнұр Бахитовна
  3. Мырзаева Жанар Утегеновна
  4. Атабердиева Флора 

                     6.Утеева Күлзипа Каленовна

  1. Сагындыков Акылбек Жамашович
  2. Хатшысы: Азтаева Гаукар Кенжешовна   

 

Күн тәртібі:

 

1.Мектеп директорының қамқоршылық кеңес алдындағы есебі

2.Әртүрлі мәселелер бойынша 

 

     Күн тәртібіндегі бірініші мәселе бойынша: мектеп директоры Нұржан Кәрібайұлы Құрмашев сөз  сөйледі. Ол өз сөзінде мектептің 2018-2019 оқу жылындағы қызметінің сандық деректері, білім сапасы мен үлгерімі,авторлық бағдарлама және педагог қызметкерлердің республикалық, халықаралық жетістіктері ҰБТ нәтижесі,оқушылардың халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалар, байқаулар мен ғылыми жоба жұмыстарының жеңімпаздарының үлесі мен "Kundelik.kz" жобасымен 97% "BILIM Land" 90% білім беру платформасымен жұмыс "Он-лайн" режимінде өткізілген іс-шаралар  2 % болғанын, кітапхана және кітап қоры туралы тоқталып өтті. Мектебімізде 138 оқушы, оның ішінде  1 сыныптан -  5 оқушы, бастауыш  2- 4 сыныптардан  – 17  оқушы ,жоғарғы  5-11 сыныптардан: -  32 оқушы  толық емес -  4 оқушы, аз қамтылған – 26 оқушы,    көп балалы -   25 оқушы,аз қамтылған отбасылар – 11,толық емес отбасы-2,көп балалы отбасы - 8 екенін айтты.

      Мектепте тәрбие жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог,  педагог психологы  мұғалімдерден, ата-аналардан, оқушылардан  түрлі тақырыптарда кездесу, әңгімелесу, кеңес, дөңгелек үстел, тренингтер, пікіралмасу, сауалнамалар   алынып, іс-шаралар өткізілген болатын. Сынып жетекшілерде өз үлестерін қосып,  тәрбие жөнінде ашық сабақтар өткізген. Ата-аналамен үнемі байланыста болған. 

Екінші  мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің  төрайымы  Оразтаева Нұршагүл  сөз алды. Ол өз сөзінде мектеп директорының есебін қолдайтынын айтып өтіп  ІІБ-нің ЮПТ ЖАҚ инспекторы: полиция капитаны Ә. Жұмашев Мұғалім,ата-ана, оқушылар  арасындағы  үштік одақтың жұмыстарын жүзеге асыру керектігін және жаңартылған білім  жүйесіне және тәрбиесіне  ата-аналар тарапынан оқушыларға қолдау көрсетіп, білім сапасын арттыру және балалардың  тәрбиесіне назар аудару керектігін айтты.

 

Жоғарыдағы мәселелерді тыңдап,  талқылай келе

қамқоршылық кеңес  қаулы етті:

 

  1. Мектеп директорының қамқоршылық кеңес алдындағы есебі  "қанағаттанарлық" деп табылсын.
  2. Жаңартылған білім жүйесіне ата-аналар қолдау көрсету мақсатында  ІІБ-нің ЮПТ ЖАҚ инспекторы: полиция капитаны Ә. Жұмашев тәрбие мен білім сапасына  назар аударылсын.

 

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: ........................ Оразтаева Н.

 

                                             Хатшысы:....................     Г. Азтаева





№16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде қамқоршылық кеңес  отырысы

 

№1 ХАТТАМА

Күні: 14.05.2019 жыл                                                                    Қатысқаны: 12

 

          Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

 

  1. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында мекеме басшысы Ж.Кадырбековтің есебі.

 

Тыңдалды:

          Қамқоршылық кеңес төрайымы Б.Кузембекова жиналысты ашып ,  өз сөзінде Жамбыл облысының білім саласындағы бақылау департаментінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі №01-03/910 хатына сәйкес 2017-2018 оқу жылында құрылған Қамқоршылық кеңестерінің алдында мектеп директорларының есебі жылында 2 рет  қыркүйек, мамыр айларында тыңдалатындығын  айтты.

    Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Кадырбеков Жорабек Мамырұлына берілді. Ол 2018-2019 оқу жылындағы мектепте  атқарылған жұмыстың есебін оқыды. Мектеп туралы жалпы ақпарат: 2018-2019 оқу жылының сандық деректерін /кеңестер,оқу әдістемелік қызмет,тәрбие жұмысы/ және  білім беру қызметі жайлы, мектептің ғылыми әдістемелік жұмысы, озық тәжірибені жинақтау,тарату/авторлық бағдарламалар/ , білімін жетілдіру курстары, педагог қызметкерлердің республикалық, халықаралық жетістіктері, кітапхана қызметі , әлеуметтік-психологиялық қызмет, мектептің әлеуметтік төлқұжаты, «Мектепке жол» акция,материалдық-техникалық базасы туралы айтып өтті.

      Қамқоршылық кеңеске ұсыныс: Бақалы аулынан тасымалданатын оқушыларға Бақалы аулынан 2-аялдаманы жасауға және оны жарықтандыруға мүмкіндік жасаса деп айтты.

      

 

Шешім :

1.№ 16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің  директоры Ж.Кадырбековтің қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында берген есебі қанағаттанарлық деп танылсын.

  1. Бақалы аулынан 2 жерден оқушыларға аялдама жасауға және жарықтандырылуына ауылдық әкімшілікке ұсыныс берілсін.
  2. Төменгі Теріс аулына өтетін жол бойына жаяу жүргіншілерге арналған белгі, жол жолағы қойылуына ауыл әкімшілігіне ұсыныс берілсін.

 

 

Қамқоршылық кеңес төрайымы :                            Б.Кузембекова     

Қамқоршылық кеңестің хатшысы:                          Ғ.Қожағұлов          




№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде өткізілген қамқоршылық кеңестің 

Хаттама №3

Шыңбұлақ ауылы                                                                   17.05.2019ж

 

17.05.2019 жылы «№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде» коммуналдық м.м қамқоршылық, қорғаншылық кеңесінің отырысы болды.

Қатысқаны: 7

Қатыспағаны: 2

Күн тәртібінде:

1.2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығында қамқоршылық,қорғаншылық кеңесінің атқарған қызметі туралы есебі.Мектеп директоры г.М Мұсаханова

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Г.М Мұсаханова  2018-2019 оқу жылының І жарты жылындағы қамқоршылық,қорғаншылық кеңесінің есебі тыңдалды. Қамқоршылық ,қорғаншылық кеңесі құрылған,іс-шара жоспары жасалып,жұмыстар жүргізілуде, тоғыз адамнан құрамы бекітілген. Жоспар бойынша қамқоршылық кеңесінің екі отырысы өткізіліп,күн тәртібіндегі жұмыстар талқыланып отырылды. Мектеп бойынша тұлдыр жетім 4 оқушы, көп балалы отбасынан 60 оқушы.2018-2019 оқу жылының І жарты жылдығында осы аталған оқушылардың ішінен 16 оқушыға «Мейірімді жүрек» атты екі рет қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып керекті киімдер, оқу құралдары алынып берілді.Міндетті білім беру қорының есебінен 12 оқушыға бір уақыт тегін ыстық тамақ мектеп асханасы арқылы тамақ берілуде. 29 қазан «Қамқоршылар күнінде» , «Аялы алақан» атты сыныптан тыс шара ұйымдастырылды. (Концерттік бағдарлама,спорттық шаралар)өткізілді.. Оқушылардың денсаулығын нағайтуда аталған осы оқушылар жаттығуда.Күзгі каникул кезінде 36 оқушыны «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруға» байланысты мұражайларға барып қайтты.Әлі де болса атқарылатын жұмыс көп,осыған сіздердің көбірек жұмыс істеулеріңіз қажет.

Сөйлеушілер:

С.Алиев ата-аналар комитетінің төрағасы Қамқоршылық, қорғаншылық кеңестің төрағасының жарты жылдық есебін тыңдадық.Оқушылардың каникул,жаз мезгілдеріндегі демалыстарда осы аталған оқушыларды демеушілердің көмегімен сауықтыру лагеріне және қалаларды аралауға ,жорықтарға көбірек жіберуді ұйымдастырсақ, нұр үстіне нұр болар еді.Жасалған есеп еске алынсын.

Болашақта оқушылардың демалуына,олимпиадаға,байқауларға,спорттық жарыстарға көбірек қатыстырсақ,кеңес мүшелері осыған көбіреккөңіл бөлсе деймін.Бірінші жарты жылдықта жасаған есеп еске алынсын.

Шешім:

1.Қамқоршылық,қорғаншылық кеңесінің 2018-2019 оқу жылында І жарты жылдығындағы есебі еске алынсын.

2.Қамқоршылық,қорғаншылық кеңесінің жұмысын жандандыру кеңес мүшелеріне міндеттелінсін.

  1. Шешімнің орындалуына бақылау –басшылық жасау кеңес төрағасы Темірбеков Н тапсырылсын.

Жиналыс басқарушы:Темірбеков Н

Хатшы: Шамшиева П

Мүшелері: Ортаева А

Сүлейменов Б

Алиев С

Сейтбекова Г

Алимкулова С

Манабаев Б





            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Пожаловаться
Автор: admin13
Прочитали - 2 943
Распечатать
Комментарии к новости35
Назад 1 2 Дальше
Комментировать